Ертең
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің басшылары ЕХРО-2017 көрмесінің ресми
ашылуына қатысады. Конгресс-орталықта өтетін айтулы шара «Астана» телеарнасынан
сағат 19.15.-те тікелей эфирде көрсетіледі. Ашылу салтанатының алдында
мәртебелі меймандар Қазақстан павильонын
аралайды деген жоспар бар.
«Астана» арнасынан маңызды шаралардың барлығын,
соның ішінде лазерлік шоуды да тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Сондай-ақ
жаңалықтар уақыты өзгереді. Ертең, яғни 9 маусымда, қазақ тіліндегі жаңалықтар
19.00-де, ал орыс тіліндегі шығарылым 19.30- да басталады. Арнамыз қосулы
болсын.