Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар бизнес иелерінің мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2017
  • 2951

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер ауылдағы ағайынды тығырыққа тіреп отыр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау бойынша қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

Аймақ атқамінерлерінің сөзінше, шаруа қожалықтарына несие беру шарттары өзгерген. Яғни қаржы алу үшін кәсіпкер жобасының құны 400 миллион теңгеден кем болмауы керек. Ал оған жүргізілетін инфрақұрылымның бағасы 100 миллион теңгеден төмен болмауы шарт. Бұл талап ауыл кәсіпкерлеріне қиынға соғады. Сондықтан осы шартты өзгерту керек, - дейді нұротандықтар. Бүгінде осы өзгерістердің кесірінен оралдық 29 кәсіпкер шаруасын бастай алмай отыр. Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсыныстарын жолдады.

Бақдәулет Ыбырайымов, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Ауыл кәсіпкері үшін жобаның құны 20-30 миллион теңге болуы керек. Ал жеткізілетін инфрақұрылымның құны 7-20 миллион болуы керек. Одан артық емес. Бұл ұсынысымызды біз Ұлттық экономика министрлігіне жолдайтын боламыз.