"Дарын" білім беру орталығының бас есепшісі 50 млн теңге жымқырған

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2025
  • 152
"Дарын" білім беру орталығының бас есепшісі 50 млн теңге жымқырған
Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.