Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» телеарнасы бірқатар айтулы шараларды тікелей эфирде көрсетеді

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2017
  • 2312

«Астана» телеарнасы бірқатар айтулы шараларды тікелей эфирде көрсетеді.  Сағат 19.15-те Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің басшылары ЕХРО-2017 көрмесінің ресми ашылуына қатысады. Конгресс-орталықта өтетін шараның алдында мәртебелі меймандар Қазақстан павильонын аралайды.

Сағат 21.30-да «Болашақ энергиясы» концерттік бағдарламасы өтеді. 22:30-да Лазерлік шоу болады. 22:45-те «EXPO-2017» көрмесінің ашылу салтанатына орайластырылған отшашу болмақ. Айта кетейік, ЕХРО халықаралық көрмесі ертеңнен бастап ресми түрде жұмысын бастайды. Барлығын сіздер тікелей эфирде тамашалайсыздар. Арнамыз қосулы болсын.