Русский Сайттың толық нұсқасы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы «үлкен сегіздікке» айналды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2017
  • 3471

Әлем назары тағы да Астанаға ауды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары бас қосты. Сонымен қатар байқаушы мемлекеттердің үкімет басшылары да келді. Басты сұрақ - ұйымға Үндістан мен Пәкістанның толыққанды мүше ретінде қабылдануы. Маңызды саммитте қандай сұрақтар көтерілді, Айгүл Әдепбай тарқатады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы алтылықтан сегіздікке айналды.  Үндістан мен Пәкістан ресми түрде мүше болды. Сөйтіп Астана саммитінен соң Шанхай ынтымақтастық ұйымы әлемдегі ең ірі халықаралық құрылымның біріне айналды. Тіпті сарапшылар оны құрлықтық, мегааймақтық алып ұйым деп бағалап, еуропалық одақпен теңестірді.

Нұрсұлтан Назарбаев алдымен жоғары мәртебелі меймандарын ресми түрде қабылдады. Алтылық басшыларының төрт көзі түгел. Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан жетекшісі Эмомали Рахмон, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев. Соңғысы, президент орынтағына отырғалы бері ұйымның жиынына алғаш рет қатысып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Астанада соңғы рет қалыпты алты жақты форматта өтті. Жиынды ашқан Елбасы Астана саммитінде ұйымның жаңа тарихы басталады деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сегодня мы договорились подписать решение о завершении процедуры приёма и предоставления статуса государства члена ШОС Республики Индия, Исламской Республики Пакистан. Приём новых членов придаст новый мощный импульс развитию организации, будет содействовать росту её международного авторитета.

Мүше мемлекеттермен қатар саммитке байқаушы тараптар да тайлы-тұяғымен жиналды. Ауғанстан, Белоруссия және Монғолия президенттері мен Иран сыртқы істер министрі, Үндістен мен Пәкістан премьер-министрлері бар. Елбасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының еркін сауда аймағын құруды ұсынды, халықаралық мәселелерге еркеше ден қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Казахстан на площадке Астанинского процесса продолжает вносить свой посильный вклад в переговорный процесс по урегулирования межсирийского кризиса. Важно обеспечить условия данных переговоров всех заинтересованных сторон. Казахстан является приверженцем идеи ядерного разоружения и нераспространения. В этой связи мы выступаем за скорейшее возобновление переговоров по урегулированию ядерной проблемы в Северной Корее.

Әдеттегідей аймақтық қауіпсіздік және халықаралық терроризммен күрес басты назарда. Осы орайда мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық терроризммен күрес бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады, экстремизммен күрес туралы конвенцияға қол қойылды.

Си Цзиньпин, ҚХР төрағасы:

Қытай экстремизмге қарсы конвенцияның орындалуын қолдайды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы терроризмге қарсы өңірлік құрылымының әлеуетін арттырады, есірткі айналымына қарсы күресті күшейтеді. Ұйымның кибертерроризмге қарсы оқу-жаттығуын құптаймыз. Қауіпсіздік пен қорғаныс бойынша форум өткізуді, алдағы 3 жылға аталған теріс бағыттармен күрестің бағдарламасын жасап шығуды ұсынамыз.

Қырғызстан басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының даму банкін құру керек деген ұсынысын қайта көтерсе,  Ресей президенті Сирия дағдарысында үміт ұялататын жайттардың пайда болғанын, оған Астана процесінің әсері барын айтты. 

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан Республикасының президенті:

Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытуға арналған банк құратын уақыт келді. Мұның маңыздылығын ескере отырып, Қырғыз Респбуликасы аталған ұйымның негізін қалаушылардың бірі екенін еске салғым келеді. Біз осыған дейін де айтқанбыз, қазір де қайталағым келеді, банк Бішкекте орналасуы керек. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

Құқықтық негіздерді бекіту бағытындағы басты қадам - экстремизмге қарсы конвенцияға қол қоюымыз. Біз бірлесе отырып, өңірдегі саяси-дипломатиялық шиеленістерді шешуге күш саламыз деп сенемін. Алдымен Таяу Шығыста сондай-ақ, Сирияда.

Тараптар Ауғанстандағы ахуалға да алаңдаушылық білдірді. Ресей басшысы 2009 жылы жұмысы тоқтаған Ауғанстан байланыс жасау тобының қызметін жандандыруды ұсынды. Ал Елбасы ЕХРО-2017 көрмесінің ашылу салтанаты болатынын самитке қатысушылардың есіне  салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сегодня мы все примем участие в церемонии открытия всемирной специализированной выставки ЕХРО-2017 под девизом "Энергия будущего". Я искренне благодарю всех вас за то, что вы приняли моё приглашение и примите участие на этом мероприятии. На протяжении нескольких здесь будут демонстрироваться самые передовые технологии в области экологически чистой энергетики. Надеюсь, что результаты ЕХРО в Астане принесут ощутимую пользу всем государствам ШОС и международному сообществу в целом.

Айгүл Әдепбай:

Шанхай ынтымақтастық ұйымына биыл 16 жыл толып отыр. Енді оған Үндістан мен Пәкістан қосылған соң, ұйым жер халқының 40 пайызы мен әлемдік экономиканың үштен бірін құрайды, - деп атап өтті Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Астана саммитінен соң Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағалығы Қытайға өтті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ