Русский Сайттың толық нұсқасы

Мажарстан павильонының негізгі тақырыбы күн энергиясымен байланысты - М.Варга

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2017
  • 2797

«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі аясында тағы бір павильон ашылды. Демалыс күндері Мажарстан елі өз экспозициясын таныстырды. Павильонның ерекшелігі, инновациялық бастамалары мен Венгрияның мәдени шаралары жайында толығырақ тілші баяндайды.

ЕХРО алаңында ашылған әр павильонның ерекше шоу-бағдарламамен басталуы дәстүрге айналған. Венгрия мемлекеті келген қонақтарды осындай ұлттық биімен қарсы алды. Бұл арнайы дайындалған мәдени бағдарламалардың тек бір бөлігі. Ал көрмеде күн энергиясына басымдық беріп отыр. 

Михай Варга, Венгрияның  ұлттық экономика министрі:

Павильонымызда Венгрияның жаңартылған энергия бағытындағы жетістіктерін көрсеткіміз келеді. Бірінші кезекте - ол күн энергиясы. Бізде көпірлер мен жаяу жолдарға арналған жол төсемімен байланысты жоба бар. Ол күн энергиясын жинайды. Мұндай батареяларды тек шатырға қоюдың қажеті жоқ. Яғни біздің инновацияны қала құрылысында қолдануға болады.

Жалпы павильонның тақырыбы Венгрияның қолжетімді табиғи ресурстарды қолдана отырып, қуат көзін өндіруіне бағытталған. Барлық экспозициялар осы бағытты ұстанады. Инсталляцияның негізі тіршілік ағашы ұғымымен байланыстырылған. 

Михай Варга, Венгрияның  ұлттық экономика министрі:

Біз бұл идея арқылы энергияның қалай және қайда қолдануға болатынын көрсеткіміз келеді. Соның ішінде күн энегриясынан қуаттанатын тіршілік ағашы да бар. Сондай-ақ, біз ағын сулардың көмегімен энергия өндіріп жатқан кәсіпорындардың да жобаларын ұсынбақпыз. Өткен жылы Қазақстанға келіп аталған тақырып бойынша кәсіпкерлермен байланыс орнаттық. Қазір бұл әріптестік одан сайын арта түседі. Себебі Будапешттен Қазақстанға аптасына 2 мәрте ұшатын әуе рейсі ашылды.

Мажар халқы табиғаттың өзі ұсынған энергиядан бөлек, адамның жан қуатының күшіне де сенеді. Сондықтан көрме аясында осы тақырыпқа да көңіл бөлген. 3 ай ішінде қонақтар Венгрияның мәдени өмірімен таныса алады. Ал ашылу салтанатына асқан дайындықпен келген қандас бауырлар қазақша ән шырқап, жиналған қауымды бір қуантты.

Ұйымдастырушы тараптың айтуынша, павильон қонақтарына ұсынылатын мәдени шаралардың легі мұнымен аяқталмайды. Алдағы уақытта Қыпшақтар күні өтпек. Бұл бағдарламада екі елдің түбі бір түркі мәдениетімен байланысы баяндалады.

Айбек ҚОСАН