Семейдегі астық қоймалардың бірі өртенді

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2025
  • 336
Семейдегі астық қоймалардың бірі өртенді
Фото: ҚР ТЖМ

Семей қаласында өрт сөндірушілер А.Чехов көшесінде орналасқан астық қоймалардың біріндегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

ТЖМ таратқан мәлімдемеге сәйкес, астық өңдеуші компанияның аумағында күнбағыс тұқымы сақталған қойма өртенді.

Өртті сөндіруге 23 бірлік техника және жеке құрамнан 65 адам, сонымен қатар өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.