Русский Сайттың толық нұсқасы

Шартсыз базалық табыс? Бізге келмейді...

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2016
  • 3669

Осы аптада шартсыз базалық табыс деп аталатын төлемді енгізу мүмкіндігін зерттеудің тапсырылғаны мәлім болып, Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінен жауап сұрадық. Министрліктің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры былай дейді: 

Арман Өмірбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры:

Алдын-ала жасалған сараптама бойынша бұл шара мемлекет тарапынан қосымша әлеуметтік міндеттемелердің өсуіне және ең маңыздысы – қоғамдағы масылдық көзқарастың өсуіне әкеп соқтырады.

Министрлік өкілі шартсыз базалық табыс деген-ді былай түсіндірді:

Арман Өмірбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры:

Шартсыз базалық табыстық негізгі идеясы – азаматтардың экономикалық немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, тұрақты түрде ақшалай көмек көрсету болып табылады. Яғни аталған төлемді алу үшін ешқандай міндеттемелер немесе талаптар қойылмайды...Мәселен, Финляндияда екі жыл көлемінде пилоттық жоба ретінде іске асыру жоспарланып отыр.  

Министрлік, Финляндия әлгі табысты енгізсе, жылына 48 млрд еуро керек екен, ал жылдық кірісі 49 млрд – деген мысалды келтіре отырып, оның мағынасы бар ма?- деген-ді меңзейді. Швейцария жазда осы табысты енгізіп,енгізбеуді талқылап, референдум өткізеді. Біздің шенеуніктер «бұл Швейцарияның бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, жұмыссыздықты ұлғайтады»- деген сарапшылардың есебін алға тартады. Сондай-ақ, шартсыз базалық табыс енгізілсе, бүкіл әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен жеңілдіктер жойылып, салықтардың көтерілетінін ескертеді. Себебі жұмысы бар, жұмыссыз, бай-кедей, мұқтаж-ауқатты деп бөлмей, бәріне бірдей берілетін ақша. 

Олжас Құдайбергенов, экономист:

Финляндия мен Швейцарияда осындай негіздері бар, біріншіден жұмыспен қамту деңгейі, сосын халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігі өте жоғары. Екіншіден, олардың сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмен, сосын халықтың азаматтық санаулығы өте жоғары, бұндай алғашарттар болған кезде, бұл табысты енгізуге болады. Ал, мысалы, Қазақстанда бұл көрсеткіштердің бәрі қарама-қарсы. Бізде халықтың өмір сүру деңгейі жоғары емес, сосын жұмыссыздықтың деңгейі қайта жоғары, сосын еңбек өнімділігі өте төмен. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі өте жоғары, ал халықтың саналығы, азаматтық саналылығы өте төмен. Жаңа  айтқандай, Финляндия мен Швейцарияның  өткен жолын біз қайта өтуіміз керекпіз. Біз олардың деңгейіне жетпей базалық төлемді еңгізсек біз қайта жаман жағына ұшыраймыз.

Сондықтан шартсыз базалық табысты енгізу мүмкіндіктерін сараламай-ақ, мұқтаж жандарға, мүгедек, ауру адамдарға, зейнеткерлерге берілетін төлемдерді, негізге алатын есепті – ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеруді ойластырған, соған бас қатырып, уақыт кетірген логикасы бар тірлік болар еді...