Атырау облысында қар еріп, аулалар мен көшелерді су басты

Атырау облысында қар еріп,  аулалар мен көшелерді су басты

Атырау облысында қар еріп,  аулалар  мен көшелер суда қалды. Тұрғындардың қарды уақытында шығармаған атқамінерлерге өкпесі қара қазандай.

Бұл -Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында түсірілген видео. Халық  аяқ басатын жер таппай, су кешіп жүр.  Көпшілігі үйден шығудан қалған. Тіпті кейбір ықшам аудан  тұрғындары балаларын мектепке жібере алмай отырмыз, - дейді. Биыл қар қалың түскен Индер, Қызылқоға аудандары да еріген қар суымен алысып әлек. Облыстық әкімдіктегілер болса,  аталған аудандар бойынша шығарылған су көлемінен басқа артық ақпарат беруден қашқақтап отыр. Тіпті қанша  үйге қауіп туғызып тұрғанын айтудан бас тартты. Дегенмен төтеншеліктер  бұл аудандар тек қар суы емес, су тасқыны қаупі бар екенін ескертіп отыр.

ЖАНТӨРЕ ДЕМЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
 

Қызылқоға, Жылыой, Индер аудандарында жалпы саны 6 вакуум, 40 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар 10 мотопомпалар жұмылдырылып, аулалардағы, көшелерді жиналған суларды сору жұмыстары жүргізілді. «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша беріліп отырған алдын ала  болжамына сәйкес,  Қызылқоға  және Жылыой аудандарында су тасқынының қаупі басымырақ.