Көппәтерлі тұрғын үйге жауапты тұлға қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ай сайын есеп береді

Көппәтерлі тұрғын үйге жауапты тұлға қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ай сайын есеп береді

Енді тұрғындар кондоминиумды басқару нысаны мен шарттарын еркін таңдай алады. Бұдан былай шешім пәтер иелерінің ортақ келісімі арқылы қабылданады. Басқарушы компания таңдалған соң ғана тариф белгіленеді. Сондай-ақ жауапты тұлға пәтер иелерінен жиналған қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ай сайын есеп беруге міндетті. Тіпті оны ақпараттық жүйелерге орналастыруы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.  Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізде заң жобасында ұсынылған өзгерістер көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының құқығын қорғауға бағытталған. Тек қана олардың ортақ шешімімен тиісті басқару нысаны қабылданады, басқарушы компания таңдалады және тариф бекітіледі.   Бұл талаптар заң жобасында басқарудың барлық нысандарына көзделген.