"Қаралмаған жерім жоқ": Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмады

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2025
  • 91
"Қаралмаған жерім жоқ": Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмады
Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева балалы болуға қатысты қиындыққа тап болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Психология маманы көпбалалы ана болғысы келгенін алайда денсаулығының сыр бергенін жасырмады.

“Мен көп перзентім болса деп көп армандадым… Қаралмаған жерім жоқ! Бір жерге барсам "осы сен неге тағы туып алмайсың" деп сұрамаса екен деп отыратынмын… Әсіресе көпшілік жерде.. Жүрегіме біз тығып алғандай әсер ететін…Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар.. Көріп қалсақ бас саламыз…"Неғып тумай жүрсің?!", "Жас кезіңде туып алсаңшы", "Қашан барамыз шілдеxанаға?!"… Бала күтудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінем…Жаның жабығып жүргенде осындай сұрақтар одан сайын езіп жібереді-ақ. Әсіресе жұрттың көзінше…”, – деп жазды коуч.

Сондай-ақ, айтыс өкілі қоғамда ауыр сөз айтатын адамдардың көбейгеніне налыды.

“Неге жұрттың өмірі қызық?! Не шаруамыз бар?! Ал білдік, жауапты. Естідік! Бақытты боп кеттік пе? Раxаттанып қалдық па? Қызық па екен?! Әлеуметтік желіде де сол… Көп сұраққа жауап беру – ауыр… Адамның көңіліне қарау да мәдениеттіліктің, имандылықтың белгісі..! Көңілге қарап сөйлеп үйрене білейік", – деп ағынан жарылды ақын.