Кепілге алынғандар босатылды, 440 жолаушының 21-і қаза тапты, қалғандары құтқарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Associated Press мәліметінше 11 наурызда Пәкістанның оңтүстік-батысында Белуджистан азаттық армиясының сепаратистері жолаушылар пойызына шабуыл жасады. Ұсталғанға дейін содырлар қауіпсіздік күштерімен атысқа шыққан. Лаңкестер Белуджистандағы саяси тұтқындарды босатуды талап етті, топтың мәліметінше, оларды пәкістандық әскерилер ұрлап кеткен.
Әскери операция нәтижесінде қауіпсіздік күштері барлық 33 шабуылшының көзін жойды. Қазір оқиға орнында саперлар жұмыс істеп жатыр, пойыз бен оның маңын тексеру жалғасуда.