Түркияның оңтүстік шығыс аймағында жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2025
  • 91
Түркияның оңтүстік шығыс аймағында жер сілкінді
Фото: El.kz

Түркияның оңтүстік шығысындағы Хаккари губерниясына қарасты Юксек Ова ауданында 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Жер дүмпуінің ошағы Ирактың Эрбил қаласы маңында, 7 шақырым тереңдікте тіркелген. Жергілікті уақытпен кешкі тоғыздар шамасында болған зілзаладан ауылдық жердегі бірқатар ғимарат қирап, зақымданды.

Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Дегенмен қауіпсіздік мақсатында тұрғындар кеше түнде ашық алаңдар мен мешіттерде түнеген. Қазір қираған үйлер мен ғимараттар тексеріліп, шығын көлемі есептеліп жатыр.