Қызылордада өкпе ауруына шалдыққан балалармен тікелей жұмыс істедік деген бір топ медицина қызметкері міндетті төлемдерін аударуды талап етуде. Айтуларынша, олар бірнеше жыл облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаторияда еңбек еткен. Бірақ 5 проценттік міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бірнеше жыл төленбеген. Қанша ізденіп, құзырлыларға хат жолдағанымызбен нәтижесіз дейді.
Жиналғандардың алды санаторияда 30 жылдан аса жұмыс істеген. Айтуларынша, өкпе ауруына шалдығып, айлап-жылдап жататын балалардың тамағын беріп, ем-домын жасап, тікелей қарым-қатынаста болған. Тіпті кейбірі ауру жұқтырып, емделіп шығыпты. Енді бірі әлі күнге соның зардабын тартып жүргенін айтады.
БАҒДАГҮЛ СЫДЫҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Сол жерден ауру тауып отырмын мысалы өзім. Хлормен жұмыс істегеннен кейін бронхымын и бауырым ауырады, аяғым ауырады. Мені жұмысқа жіберді жұмысым жабылғаннан кейін. Екі-ақ күн істедім. 2 күннен кейін апа жарамайсыз кете беріңіз деді. Екі күннің бірінде жеделжәрдем шақырып отырмын.
Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санатория былтыр таратылған. 100 орындық мекеме қызметкерлері түрлі медицина ұйымдарына орналастырылған. Бірақ денсаулықтарына келтірілген зияны үшін жұмыс істеген уақыттарында ешкімге міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы аударылмады дейді.
ГҮЛДАНА ӘЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Сол жерде 17-18 жыл жұмыс жасадық. Сонымен жаңағы 5 процент шыққан кейін төленеді-төленбейді болып төленбей қалды.
40 адам тиісті мекемелерге шағымданған. Алайда әзірге сең қозғалмай тұр дейді заңгер. Оның айтуынша, заңға сәйкес қорғаушыларының зейнетақы қорларына 12 млн теңге қаражат аударылуы тиіс.
АЗАМАТ МАРАТ, ЗАҢГЕР:
2013 жылы 31 желтоқсандағы қаулысына сәйкес туберкулезге қарсы ұйымдардағы бөлімшелер мен кабинеттерде науқастарға тікелей қызмет ететін медициналық қызметкерлер де кіреді деп көрсетілген. Еңбек инспекциясыда және кірістер департаментіне де арызданған болатын. Алайда өкінішке орай бүкіл инстанциялар тоқтаңқырап тұр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәселеге қанық. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз дейді. Айтуынша, арнайы ұйым өкілдерінің қорытындысынан кейін ғана нақты шешім қабылданады.
ЕРДІЛДӘ НҰРТАЗАҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл туберкулезге арналған балалар санаториясы ғой. +данный момент ауырып жатқандар емес. Ауырып шыққан, сауықтыруға жіберілгендер. Төленетін тізімге жатады ма, жатпайды ма деген әрбір лауазым бойынша аттестация робочих мест дейді орысша айтқанда. Сондай жүргізілу керек. Оны арнайы жүргізетін ұйымдар бар. 5 пайыз төлеуге міндеттіге жатқызылатын болса біз оны әрі қарай шешу мәселесін қарастырамыз.
Медицина саласы қызметкерлерінің мәселесіне қатысты нақты қашан шешім қабылданатыны әзірге белгісіз. Денсаулық сақтау басқармасындағылар барынша жедел әрекет етуге уәде етті.