«Мамасының баласы»: Қайрат Нұртастың анасы ене мен келін мәселесін көтерді

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2025
  • 115
«Мамасының баласы»: Қайрат Нұртастың анасы ене мен келін мәселесін көтерді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ене мен келін мәселесін көтеріп, жұрттың сынына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Продюсер сөз басында әйелдердің өз анасында мін жоқ, ал ерлерінің аналарына келгенде мін көп айтылатынын ерекше айтты.

«Мен айтар едім, анасын құрметтеген ұлдың несібесін Алла реттеп қояды деп. Иә, бәрі емес бірақ арасында «мамасының баласы» деп мұқатып отыратындар жеткілікті, сонымен қатар ақылшы блогерлер де көбейіп кетті, өздері келін алмай жатып, жас келіндерді улап, шаңырағын шайқалтып отырғандар, сіздің ажырасуыңызға көмектеседі, ары қарай қиналатын сіз және жазықсыз балаларыңыз. Ақымақ адамға арамза молда үшін сіздің ақшаңыз ғана керек, болмаса сіздің бақытыңызды көре алмайтын қоршаған ортаңыздың азғыруынан алшақ болыңыз. Байқап қарасаңыздар әйел азаматшалардың өз анасында мін жоқ, неге ерлерінің аналарына келгенде мінді көп айтқышпыз, күйеуін сондай көзқарасқа, кері пікірге итермелегенге, өз анасына суық қарап иланып жүрген ақымақ еркектер аз емес. Бәлкім дұрыс емес көзқарастағы енелер де бар шығар, дегенмен бүкіл ана атаулы ұрпағымыздың тілекшісі деп қабылдап жылы сөзін арнаса, анаға деген құрмет өзгерер ма еді… Мейлі айтқандар айта берсін, жұмақтың кілті қайда?!» - дейді әншінің анасы.

Ол сөзін жалғай отырып, жауға қарсы шапқан батыр мен әйгілі футболшының өмірін мысалға келтіреді.

«Осы орайда мысалдар айта кетейін: батыр жауға шапқанда, басқалар сияқты темір қалқанын ұстап қорғанбайды екен. Күндердің бір күнінде әлгі батырдың анасы қайтыс болыпты. Ел қайғырып, асыл ананы жерлеп болған соң, елге жау шабады. Сонда өмірі қолына қалқан ұстамайтын батыр, «қалқанымды әкеліңдер» деп бұйырады. «Ау батыр-еке, сіз ешқашан жауға шапқанда қалқан ұстамаушы едіңіз» деп таңданып сұрайды уәзірлерлі. Сонда батыр: «Бұрын менің қалқаным анам еді, бар жамандықтан қалқалап жүретін. Тірі кезінде, дұғасы қабыл еді, енді анашым жоқ, өз қалқанымды өзім алып жүрейін» депті. Ал әлемдік чемпион Криштиану Роналду анасына деген құрметін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ресей әншісі Михайл Боярский астыңғы қабатта анасы, жоғарғы қабатта өз отбасымен тұрған, әйелінің сұхбатында ол ешуақытта анасына соқпай, үйіне кірмеген. Міне анасын құрметтеген азаматқа шүйліккенше, үлгі алғандары, әр адам өз анасымен мақтанғаны дұрыс шешім болар еді. Мақтансақ ұрпағымызбен мақтанайық, барша аналардың көз жасы тек жақсылықтан болсын!» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.