Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда есірткі сатқан теміржолшы жігіт үйінде қолға түсті

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2025
  • 145

Павлодар облысының есірткіге қарсы күрес басқармасы прокуратурамен бірлесе отырып есірткі сатқан теміржолшыны қолға түсірді.

Анықталғандай, ол таныстарымен бірге есірткі сатып келген. Оның үйінен 700 грам есірткі, зергерлік бұйым өлшейтін таразы, электрошокер мен қару-жарақ табылған.

Есірткі сатқан жігіт «Қазақстан Темір жолы-Жүк тасымалында» жұмыс істейтін азамат болып шықты. Күдіктілер қазір қамауда.