Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық бес боксшы қыз әлем чемпионатының финалына шықты

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2025
  • 132
Фото: sports.kz

Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалында Қазақстанның бес спортшысы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Azattyq RýhySports.kz-ке сілтеме жасап.

Финалға шыққан қазақстандықтар:

48 кг – Назым Қызайбай (Ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездеседі)

50 кг – Алуа Балқыбекова (Қытайлық Ху Мэйимен жұдырықтасады)

60 кг – Виктория Графеева (Ресейлік Нуне Асатрянмен күш сынасады)

63 кг – Аида Әбікеева (Тайланд өкілі Тананья Сомнуекпен жекпе-жекке шығады)

81+ кг– Елдана Тәліпова (Қытайлық Илян Чжанмен алтын медаль үшін күреседі)