Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы зауыттардың бірінде электр трансформатор өртенді

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2025
  • 137
Сурет: pixabay

16 наурызда таңертең Таразда орналасқан зауыттардың бірінде электр трансформаторы өртенді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ. 

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертті.