Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрттен 51 адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2025
  • 152
Фото: pixabay

Кочани қаласындағы түнгі клубтан шыққан өрттен кем дегенде 51 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.

Солтүстік Македония Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өрт жексенбіге қараған түні танымал хип-хоп дуэті ADN концерті өтіп жатқан Pulse клубында болған. Кешке 1 500-ге жуық адам қатысқан. 

— Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып, бірнеше адам ұсталды, - деп хабарлады Nova Makedonia. 

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, қызыл жалын түнгі клубта пиротехникалық заттарды қолданудың салдарынан тұтанып, соңы алапат өртке ұласқан.