Алты жылда 250-ге жуық жол бойындағы сервистік жаңа нысандар салынды

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2025
  • 145
Алты жылда 250-ге жуық жол бойындағы сервистік жаңа нысандар салынды

Жолдардың құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстары Президенттің тұрақты бақылауында. Соңғы алты жылда республикалық маңызы бар 4,4 мың шақырым автожолдарды, оның ішінде Орталық – Шығыс, Орталық – Оңтүстік, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және басқа да күре жолдарды реконструкциялау аяқталды. 2024 жылы 12 мың шақырым көлік магистралі құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды, оның 8 мың шақырымы – республикалық, ал қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Сондай-ақ кейінгі алты жылда 250-ге жуық жол бойындағы сервистік жаңа нысандар салынды. Жол бойында ұлттық стандартқа сай келетін қызмет көрсету нысандарының үлесі 52%-дан 90%-ға дейін ұлғайтылды.