Астанада 10-нан аса қылмысқа қатысы бар алаяқ ұсталды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2025
  • 72
Астанада 10-нан аса қылмысқа қатысы бар алаяқ ұсталды

Астанада 10-нан аса қылмысқа қатысы бар алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бүгінге дейін Нұра аудандық полиция басқармасына 10-нан аса астаналық хабарласқан. Алайда зардап шеккендер көп болуы мүмкін.

30 жастағы ер адам таныстары бар екенін айтып, елордадағы спорт залдарының біріне бір жылға арзан бағада абонемент алып беремін деп алдаған. Жәбірленушілер 150 мың теңгеге дейін ақша берген.

Кейін қала тұрғыны бейтаныс ер адамға алданғанын түсініп, полициядан көмек сұраған.

"Жедел іздестіру барысында күдікті құрықталып, кінәсін мойындады. Дәл осындай оннан аса эпизодқа қатысы бары белгілі болды. Оған қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Полицейлер азаматтарға күмәнді ұсыныстарға сенбеуді және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертті.