Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын талқылады. Мәдениет және өнер саласындағы ықпалдастықты тереңдету әрі тәжірибе алмасу мәселелеріне тоқталды. Бұдан бөлек, Ерлан Қарин Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістер, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен IV отырысында көтерген жаңа бастамалары туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.