Жыл сайын 200-ден астам қыз бала жыныстық зорлыққа ұшырайды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2025
  • 132
Жыл сайын 200-ден астам қыз бала жыныстық зорлыққа ұшырайды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Кейінгі 5 жылда елімізде ерте жүктілік 43 пайызға төмендеген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты. 

— Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік немесе қажетсіз қарым-қатынасқа қатысты проблема бар. Сондықтан білім беру саласында мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін бірқатар жұмыс істелініп жатыр. Жалпы, статистиканы денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган жүргізеді. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде кейінгі 5 жылда ерте жүктіліктіктің 43 пайызға төмендегені туралы ақпаратымыз бар. Бұл ненің нәтижесі деген мәселеге талдау жүргізіп көрдік. Халық арасында, ата-аналар мен жасөспірімдер арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстары осындай нәтиже беріп отыр. Бұл проблеманың түпкі себебі қыз балаларға жасалатын зорлық әрекеттері екенін ашық айтуымыз керек. Жылына 200-ден астам зорлық қылмысы болады, - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, ерте жүктіліктің тағы бір себебі — әлеуметтік желілер. Қыздар әлеуметтік желілер арқылы үлкен адамдармен танысып, олардың құрықтарына түсіп қалады. Мұндай фактілер де көп. 

— Сондықтан осы екі бағытта жұмысты күшейту қажет деп ойлаймыз. Біріншіден, зорлық-зомбылықпен күресуіміз керек. Екіншіден, әлеуметтік желіге ата-аналардың бақылауын күшейткен жөн, - деді Еділ Оспан.