Зеленский Трамппен сөйлесуді жоспарлап отыр

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2025
  • 116
Зеленский Трамппен сөйлесуді жоспарлап отыр
Фото: X/ @ZelenskyyUa

Владимир Зеленский бүгін АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесуі жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Ол сондай-ақ Америка басшысы мен Ресей президенті Владимир Путин арасында қандай келісімдер жасалғанын талқылайтынын атап өтті. 

– Мен бүгін президент Трамппен байланысқа шығамын. Біз онымен келесі қадамдарды сөз етеміз. Оның Путинмен әңгімесінің егжей-тегжейін өзінен естимін деп ойлаймын, - деді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін Ресей мен АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлескен. 

Трамп өзінің Путинмен арадағы әңгімесі туралы пікірін жазды. 

Әлемдік көшбасшылар Трамп-Путин келіссөзінің нәтижелеріне қатысты пікір білдірді. 

Қытай әрқашан дағдарысты диалог пен келіссөз арқылы шешуді жақтайтынын мәлімдеді.