Жыл басынан бері 7 әскери қызметші құмар ойын ойнағаны үшін жұмыстан шығарылды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2025
  • 89
Жыл басынан бері 7 әскери қызметші құмар ойын ойнағаны үшін жұмыстан шығарылды

Жыл басынан бері 7 әскери қызметші құмар ойын ойнағаны үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы бүгін Сенатта айтылды.

Бүгінде 3 миллионға жуық азамат құмар ойындардан шеттетілді. Оның ішінде 85 мыңы – мемлекеттік қызметкер. 200 мыңға жуық адам құмар ойыннан өз еркімен бас тартқан. Алайда ойын бизнесі және лотерея қызметіне қатысты заң күшіне енсе де, әлі күнге дейін бірыңғай есепке алу жүйесі іске қосылмаған.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Негізгі атқарылмай жатқан жұмыс – бұл ортақ ақпараттық жүйенің іске қосылмауы. Осыған байланысты заңның бірқатар баптарының орындалуы тежеліп жатыр. Бұл жүйе жылдың соңына дейін қосылады деп жатыр. Қандай става, қаржы салынғандығын, кім қанша табыс тапты, мемлекеттік органның адамы кірді ме, жоқ әлде әскери адам кірді ме, соның бәрін көріп отыратындай жағдай туындайтын болады.