1500 ұлттық аудиошығарма әлемдік платформаларда жарияланды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2025
  • 267
1500 ұлттық аудиошығарма әлемдік платформаларда жарияланды

1500 ұлттық аудиошығарма әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды. Бүгін елордада қазақтың ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған "Асыл мұра" жинағының тұсауы кесіліп, көпшілікке таныстырылды.

Шығармалар "Қазақстан" телерадиокорпорациясының "Алтын қорында" сақталған. Дәлірек айтсақ жаңа жинаққа 400 күй, 300 жыр-терме, халық және халық композиторларының 400 әні, 100 ертегі, 50 бесік жыры мен 250 ретро ән енгізілді. Көбі алғашқы орындаушылары жеткізген түпнұсқа күйінде жүктелген.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Әлемдік онлайн платформа Apple music, Spotify, Yandex, YouTube тағысын-тағы басқа енді сіздерге біздің аудиторияға қолжетімді болады бүгіннен бастап. Яғни бұл қазақ музыкасы, қазақ дәстүрлі өнерінің ғұмыры тағы да жаңа кезеңге, жаңа дәуірге бірге аяқ басты деген сөз.