Семсерлесуден Будапешттегі әлем кубогында 6 қазақстандық спортшы бақ сынайды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2025
  • 97
Семсерлесуден Будапешттегі әлем кубогында 6 қазақстандық спортшы бақ сынайды
Фото: ҰОК

Будапештте (Мажарстан) саблямен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды KAZINFORM

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, еліміздің намысын халықаралық турнирде 6 спортшы қорғайды.

Рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Артур Чупраков, Қуаныш Ерғазбай және Жанат Нәбиев сайысқа түседі.