Назым Қызайбай соққысын тексеріп, жұртты таңғалдырды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2025
  • 195
Назым Қызайбай соққысын тексеріп, жұртты таңғалдырды
Фото: nazym_kyzaibay09

Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай оң қолының соққы күшін тексеріп, жанкүйерлерін таңғалдырды, – деп хабарлайды 1bol.kz

Желіде бейнежазба жариялаған белгілі спортшы соққы тексергіш арқылы 700 келіден артық көрсеткішке қол жеткізген.

«722 келі. Бұл – жаңа рекорд», – деді Назым Қызайбай.

Естеріңізде болса, Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Ол шешуші сынды Ресей боксшысын айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келіде қола жүлдегер атанды.