60 қазақстандық халықаралық іздеуде жүр

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2025
  • 211
60 қазақстандық халықаралық іздеуде жүр
фото: Zakon.kz.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 60 адамды іздестіріп жатыр. Агенттік төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев осылай деді.

Жалпы 2022 жылдан бері әлемнің әр елінде жүрген 129 адамға іздеу салынған. Оның 70-сі табылып, іс жүргізіліп жатыр.

Кейбіріне қатысты сот шешімі де шықты. Кінәсі дәлелденген 8 адам Қазақстанға экстрадицияланған.

Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлайды.