Биыл
Қазақстанда дәрі-дәрмек өнімдерін импорттау 66%-ға жеткен. Дәріханаларға
әсіресе Үндістан мен Қытайда жасалған препараттар көптеп жеткізіліп жатыр. Бұл
туралы Ranking.kz. сайты жазады.
Статистикалық мәлімет бойынша, осы жылдың 4
айында 235,5 млн долларға 5 мың тонна дәрі-дәрмек өнімдері жеткізілген. Ал былтыр дәл осы уақытта бұл сан 199,4 млн долларды құраған еді. Жеткізілген
препараттар 3 мың тонна болатын. Препараттардың басым бөлігі Үндістан нарығына
тиесілі. Бұл елдің өнімін импорттау 54% ға өсіп, 760 тоннаны құраған, жалпы
құны 21 млн доллардан асады. Ал, Аспан
асты елінен келген өнімдер 30% құрап отыр. Қытайдан 0.8 млн долларға 738 тонна
өнім жеткізілген. Ал немістер өндірген препараттар ел нарығында 3-ші орынға
жайғасыпты. Германияның өнімдері 45,3 млн долларға жетіп, 737 тоннаға
жуықтаған.