Түркістан облысында полиция вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2025
  • 135
Түркістан облысында полиция вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады

Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Telegram арқылы вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел уәкілдер әлеуметтік желілер арқылы электрондық темекіні заңсыз сатумен айналысқан бұрын сотталған жергілікті тұрғынды Түркістан қаласындағы қонақ үйлердің бірінің жанында ұстады. Тексеру кезінде полиция жас жігіттен 20-дан астам вейп пен қолма қол ақша тәркіледі. Сондай-ақ қонақ үйдің ауласын тінту кезінде тағы 90 электронды темекі табылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істің барлық мән-жайы анықталады.