Русский Сайттың толық нұсқасы

Рухани жаңғыру мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда журналистердің орны ерекше - Д.Мыңбай

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2017
  • 2496

Рухани жаңғыру мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда журналистер қауымының алар орны ерекше. Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы журналистер клубының кеңейтілген отырысында осындай пікір айтылды.

Ассамблея төрағасының орынбасары ақпарат саласы өкілдерінің алдында қазір жаңа міндеттер тұрғанына тоқталды. Оны абыроймен атқарып шығу үшін, жоғары кәсібилік мен біліктілік қажет. Сондай-ақ жиын барысында шеберлік сабақтары өтіп, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері марапатталды.

Дархан Мыңбай, ҚХА төрағасының орынбасары:

Елге түсіндіргенде, ең бастысы, халыққа өте түсінікті, қарапайым, халықтың өз ұғымындағы, ойындағы, көкейіндегі ойлармен жеткізіп беретін болса, мен ойлаймын, бұл рухани жаңғыру, сананы өзгерту деген өте ұзақ процесс қой. Жалпы сананы өзгертуге жақсы мысалдар көптеп табылады.