Словения президенті Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2025
  • 182
Словения президенті Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанаға сапары кезінде Наташа Пирц-Мусар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Димаш Құдайбергеннің жанкүйері екенін айтқан. Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев жазды.

"Мемлекет басшысы елге келген қонақты қуантты. Словения президенті қатты қуанғаны сонша - өз-өзіне сенбей бірнеше рет қайта сұрады. Қабылдау кезінде ол Димашпен қол алысып, концертінде болғанын айтты. Димаш бұл туралы естігенін айтып, мұндай көңіліне алғысын жеткізді", - деп жазды ол.