Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетел валюталарындағы депозиттер «қатырылмайды», ломбардтар аффинаж зауытына 110 келі алтын тапсырған...

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2016
  • 1754

Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев, шетел валюталарындағы депозиттерді алу немесе депозиттерді шетел валютасына ауыстыру бойынша шектеу болмайтынын айтты. Бұлай сендіруі, соңғы уақытта теңге салымдарының тартымдылығын арттыру үшін жылдық мөлшерлеме көлемі 9 пайыздан 14 пайызға арттырылып, шетел валюталарындағы депозиттердің керісінше, 4,5 пайыздан 2 пайызға төмендетілгеніне байланысты. Депозиттерге берілетін кепілдік те теңге бойынша көбірек – 10 млн теңгеге дейін. Шетел валютасындағы депозиттерге берілетін кепілдік 5 млн теңге. Әйтсе де 2015 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалар депозиттерінің долларлану деңгейі 80 пайызға жеткен. 

Ал ¤"Тау-кен Алтын" аффинаж зауыты биыл  шикізат жеткізетін 30 компаниядан 14 тонна алтын алуға келісім-шарт жасаған. Былтыр Астанадағы зауыт 11 тонна алтын құймасын шығарып, Ұлттық банкке оның 10 тоннасын сатқан.

¤ Бір айта кетері, аффинаж зауыты биылдан бастап 1 грамнан 100 грамға дейін бұршақтай алтын құймаларын саудаға шығара бастайды. Оны зергерлер немесе артық ақшасын алтынға айналдырғысы келетіндер Ұлттық банк арқылы сатып ала алады. Айта кетейік, Астанадағы аффинаж зауыты 2014-жылы іске қосылған. Осы аралықта кәсіпорынға қаладағы ломбардтар да 100 келіден астам алтын тапсырған: себебі алтын бұйымын өткізгендер оны қайтып сатып ала алмайған қалған... 

Мейрамғали Тілеужанов, «Тау-кен алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры:

¤

Екі жылдың ішінде ломбардтар 110 келі алтын әкелді. Ал биыл біз одан да көп алтынға ломбарттардан үміттеніп отрымыз. Өйткені кризис та бар - халық сатып ала алмайды, ломбардқа тапсырып жатыр.