Алматы облысында өртенген көліктің ішінен мәйіт қалдықтары табылды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2025
  • 107
Алматы облысында өртенген көліктің ішінен мәйіт қалдықтары табылды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы  демалыс аймағында өртенген көлік табылды.

Ал машина ішінен белгісіз адамның мәйіт қалдықтары шықты. Облыстық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол- бұрын сотталған, 43-тегі ер адам.  Марқұммен бизнес бойынша мәмілеге келе алмай, оның басын балғамен ұрып өлтіргенін мойындаған көрінеді.