Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰҚК-не тағы бір жауапкершілік артылды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2017
  • 2846

Жемқорлық фактісімен ұсталған әскерилердің, арнайы органдар мен ұлттық бюро қызметкерлерінің ісін енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергейтін болады. Бүгін сенаттың пленарлық отырыста құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне толықтыру енгізу туралы заң жобасы 2 оқылымда мақұлданды. Құжат мемлекет басшысына қол қоюына жіберілді. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бұған дейін парақорлықпен ұсталғандардың ісін кімдердің қарайтыны заңдылықты қадағалау органы арқылы анықталып отырған. Енді заң қабылданған соң, бұл іс комитетке беріледі.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Әскери қызметкерлер, арнайы орган қызметкерлері, нац.бюро орган қызметкерлері, егер сыбайлас жемқорлығы бар қылмыс бойынша анықталса, оны тергеуді енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізеді. Сондай заңға өзгеріс енгізіліп отыр. Өйткені органдардың құпиясы бар. Сондықтан оны арнайы тергеу жүргізу керек.

Ал бизнестің жағдайы біршама жақсара түспек. Заң экономикалық қылмыстарды декриминализациялауды қарастырады. Салықтан жалтарып, көлеңкелі бизнеспен айналысқан азаматтар бірінші рет теріс қадамға барса, мемлекетке келген шығынды толықтай өтейді. Бірақ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.