Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғанда «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2017
  • 2386

Жыл аяғына дейін Талдықорған қаласында несиелік баспана ретінде берілетін 4 көпқабатты үй бой көтереді. Нысандар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 миллиард 357 миллион теңге бөлінген.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы бюджет қаражатының мақсатты игерілуін бақылау комиссиясы өкілдері құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Жұмысшылармен тілдесіп, үйлердің сапалы материалдан тұрғызылып жатқанына көз жеткізді. Былтыр Талдықорғанда «Нұрлы жол» аясында 6 мың шаршы метр баспана берілген. Биыл бұл көрсеткіш 8 есе өсіп отыр. 

Элеонора Талдынбаева, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы депутаттық фракция жанындағы комиссия мүшесі:

Бүгінгі комиссияның тексерісі біздің көңілімізден шығып отыр. Жалпы, барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Құрылыс нысандары жақсы жұмыс жүргізіп жатыр. Біз жұмысшылармен де сөйлестік. Құрылыстың дамып жатқанына біз өзіміз куә болып отырмыз.