Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен кездесті

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2025
  • 244
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Astana TV.

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

“Орталық Азия – Еуропа Одағы” саммитіне ерекше мән беретінін жеткізді;

Аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді. 

Мемлекеттер басшылары:

Алматыдағы бейресми кездесудің нәтижелі болғанына назар аударды;

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті;

Екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейту ниетін растады.