Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2016
  • 1675

Бүгін депутат мандатына ие болған нұротандықтардың есімдері белгілі болды. Партия бекіткен тізімге 84 адам енді. Осылайша Мәжілістің 5-ші шақырылымының депутаттары Қабиболла Жақыпов, Майра Айсина, Ирина Аронова, Мәулен Әшімбаев, Зағипа Балиева, Гүлжан Қарақұсова, Омархан Өксікбаев, Мұхтар Тінекеев, Қуаныш Сұлтановтар бастаған жалпы саны 33 депутат 6 шақырылымға өткен.

Сондай-ақ мандатқа ие болғандар қатарында белгілі қоғам қайраткерлері, шенеуніктер, кәсіпкерлер, журналистер мен спортшылар бар. Атап айтқанда: Ұлттық спорт қауымдастығы президенті Бекболат Тілеухан, КТК телеарнасының стратегиялық даму бойынша директоры Артур Платонов, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының экс-орынбасары Василий Олейник, Қазақстан мүгедектері конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова, «МАЭК Қазатомпромның» бас директоры қызметін атқарған Сәкен Өтебаев, ҚТЖ экс-вице-президенті Роман Скляр, ауыл шаруашылығы экс-вице-министрі Сапархан Омаров, және Атырау облысының әкімі лауазымын атқарған Бақтықожа Ізмұханбетов тізімге ілікті.  

Мемлекет басшысы, "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған құрамға сенім белдіретінін жеткізді. Айта өтейік, бүгін Астанада Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Думаю, что это оптимальный состав. Утверждённый сегодня корпус «Нұр Отана» отвечает всем требованиям и критериям, которые необходимы сейчас, - региональным, социальным и профессиональным. В него включили представители всех слоев населения бизнеса, всех отраслей экономики, творческой интеллигенции, НПО и социальной сферы. Уверен, что эти депутаты будут достойны представлять партию «Нұр Отан» в Парламенте.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА