Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өзге пікір» айдары

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2016
  • 3063

Қазір Марат Ерназарұлы жүргізетін «Өзге пікір» айдары.

Ассалаумағалейкүм! Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов Семей әкімі Ермак Салимовты салақсың деп сөкті.

 Семей қаласының әкімдігі салақтық танытып, қала су астында қалды. Ал шаһар басшысы халықтан кешірім сұрап құтылды. Ермак Сәлімов қала көшелерінің су астында қалуына қарды қаладан ерте шығармаған, еріген суды көліктермен сорып алмаған коммуналдық шаруашылықты кінәлады. Коммуналдық қызмет басшысына «Сіздің есебіңізде бәрі әдемі, ал іс жүзінде не көріп тұрмыз» деп ұрысқан. Әкім қаланы қар басып жатқанын бұған дейін көрмесе керек. Әлде қар ериді деп ойламаған ба... Ол су сорғыш техниканың көшелерге кеш шығып, ерте кететінінен де хабарсыз екен. Қар еріп, су басқанда ғана есін жиғандай. «Қарды қарқынды шығарып тұру керек. Оны болашақта ескереміз»,- деген. Сонда қарды жиі шығарып тұру керектігін «ұмытып» кеткен Бұл аздай Ермак Сәлімов коммуналдық шаруашылықтың жұмысын қатаң бақылауға алған. Яғни, су басқанға дейін қатаң бақылау болмаған ба деген сұраққа қаласың. «Қойын алып, қорасын бекіткен», қысқасы. Ал өңір басшысы Даниял Ахметов «Бұл Семей әкімінің бетімен кеткенінен болды»,- деп салды.

Кз:

Оның «кешірімінен» сондай жеңілдеп қалдым...

Астаналық:

Қар алғаш рет жауып тұр ма екен? Әлде бірінші рет еріген бе? Коммуналдық шаруашылық қыс бойы қайда қараған? Қарды шығару керек еді. Дренаждың жоғын біледі ғой. Әкімнің кешірім сұрауы – баланың былдыр-батпағы. Өзінің әрекетсіздігін ақтау. 

Аноним:

Семейде қалалық қызмет жұмыс істемейді. Тек әкімдік жанын 20-30 адам тазалайды. Ал қалған жерлер солай жатыр.

 

Аноним:

Семей үлкен ауыл сияқты. Кешке қарай қараңғы, шамдар жұмыс істемейді. Қаңғыбас иттер тобырымен жүреді. Ал көшедегі лайдан аяқ алып жүре алмайсың.

 

Студияда жүргізуші: Қазақстанда мүсін екеш мүсінге де маза жоқ. Есілдің сол жағалауында жастар саябағында тұрған «жалаңаш» қыздың мүсініне  Талғат Шолтаев есімді Астана тұрғыны көйлек кигізіп қойған. Өзі жанына суретке түсіп, жариялап жіберді. Бір қызығы, махаббат символы ретінде танылған ескерткіштің орнатылғанына 10 жылдан асып кетті. Ал арудың жартылай жалаңаш тұрғанын енді ғана байқаппыз. Мүсіннің ұятты жерлері жабылғаны сол-ақ еді, онсыз да ескерткішті «ұятсыз» деп әңгіме бастаған жұрт дүр етті. Әлеуметтік желі екі армияға бөлініп алып, «соғысып» жатыр. Тыңдаңыз:

Аноним:

Тұрғанына қаншама жыл болды. Әдемі мүсін. Әйел ешқандайда киімсіз тұрған жоқ. Мүсіндеу де өнер!!! 

Аноним:

Мынау ақымақ қой.) Киімді кедейге беру керек.) Ескерткішке киімнен не пайда?

Аноним:

Мен барып хиджап кигізіп қайтайын.)

Аноним:

Мүсінге тиіспеңдер! Мына Талғатты жауапқа тарту керек! Полиция қайда қарап отыр?

Шок:

Така, жарайсың! Осы мүсіндерге қарап ұлт бойынша пікір қалыптастырады. Ал мына мүсін шетелдіктерге «Борат шындықты көрсетті, бұл жердің қыздары оңай олжа»,-деп  тұрғандай. 

Қонақ:

Батыс сияқты ашық-шашық жүрсек, ертең не боламыз. Салдарын ойлаңыздар. Батысқа көзсіз еліктеудің қажеті жоқ.

Мен осылай ойлаймын...!!!

Ал ендеше батысқа еліктеп жағажайда жалаңаш, көшеде іш киіммен, қысқа юбкалармен жүрейік. Ертең арсыз фильмдеріне, одан соң бір жынысты отбасыларына рұқсат етейік. Батыс өркениетінен құр қалмайық. Сіздердің ойларыңызша, біз орта ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой!

kazoau:

Бәрі дұрыс. Бұл «арсыз» мүсін. Қолдаймын.

Мәдениет және спорт министрі бұл шудан сырт қалмады. Жеке басы мүсінді әп-әсем деп ойласа да, олай ойламайтындардың да барын ескеріп, ескерткіштің «кейбір» жерін өзгертуге болады- деп, бірнеше «фронтты» қамти алатынын білдірді... Ал сіз пікір білдіріңіз, «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!