Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 400 көлікке арналған тұрақты сүруге келген сот орындаушылары қарсылыққа тап болды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2017
  • 2728

Алматыда дауға айналған «Орбита» ықшам ауданындағы автотұрақ сүрілетін болды. Сот шешімі бүгін орындалуы тиіс еді. Алайда 400 көлікке арналған тұрақтың жерін босатуға келген сот орындаушылары қарсылыққа тап болды. Осы жерді 40 жылдан бері пайдаланып келеміз деген тұрғындар құқық қорғаушылар мен техниканың кіруіне қарсылық танытты. 

Оқиға орнына Бостандық ауданының прокуроры мен полиция бастығы келіп, жиналғандардан заң талабына бағынуды талап етті. Алайда табандап тұрып алған олар автотұрақ аумағына ешкімді жақындатпады.

Үлкен Алматы өзені бойындағы 1 гектардай жер үшін тартыс 2012 жылдан бері жүріп келеді. Бірнеше рет сот отырысы өтіп, жерді мемлекет иелігіне қайтару туралы шешім шыққан. «Астана құрылыс» компаниясы бұл жерге көп қабатты тұрғын үй салу жоспарын ұсынған. Ал жер телімін уақытша жалға алған «Темірлан» серіктестігінің пайдалану мерзімі аяқталғанымен, тұрғындар жерді босатар емес.

Асқар Рахымов, сот орындаушы:

Қазір бұл жерге мемлекет иелік етеді. Ешкімнің жекеменшік жері емес. Тұрғындар оны автотұрақ ретінде пайдаланып келген. Біздің міндетіміз - сот қаулысына байланысты аумақты босату. Бірақ қарсылыққа тап болып отырмыз. Енді әрі қарай заң талаптарына сай әрекет ететін боламыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ