Трампты өлтіруді жоспарлаған баланың әрекеті әшкере болды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2025
  • 177
Трампты өлтіруді жоспарлаған баланың әрекеті әшкере болды

АҚШ-та 17 жастағы Никита Касап ата-анасын өлтіріп, президент Дональд Трампқа қастандық жасауды жоспарлаған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды BAQ.KZ

ABC телеарнасының хабарлауынша, жасөспірімге бірнеше айып тағылған. Олардың қатарында екі адамды өлтіру, мәйіттерді жасыру, мүлік ұрлау және басқа адамның жеке куәлігін қолдану бар.

Журналистердің мәліметінше, Висконсин штатынан шыққан жасөспірім “Трампты өлтіріп, АҚШ үкіметін құлату үшін қажетті қаржыны және еркін әрекет ету мүмкіндігін алу мақсатында” ата-анасын өлтірген болуы мүмкін.

Касап 2025 жылдың наурыз айында ұсталған. Оның телефонынан неонацистік қозғалыстарға қатысты материалдар, сондай-ақ Ақ үй басшысына қарсы қастандық пен революция жасауға шақырған жазбалар табылған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол жоспарланған теракт үшін дрон мен жарылғыш затты сатып алуға кемінде жартылай ақы төлеген.

Құқық қорғау органдарының пайымынша, жасөспірім жалғыз болмауы мүмкін — оның серіктестері де болуы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трампқа екі мәрте қастандық жасалған. Алғашқысы 2024 жылдың 13 шілдесінде Пенсильваниядағы республикалық митингте болды. Ол кезде Трамптың басын кенет бұруы оның өмірін аман алып қалған — оқ саясаткердің құлағын жанай өткен.