Атбасарда көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2025
  • 197
Атбасарда көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Атбасарда көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 сәуір, сенбіде болған. Mercedes маркалы көлік төрт адамды қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ал, Nayza Kokshe басылымының мәліметінше, жол апаты 1-ықшамауданда болған, зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар.