Аляска тұрғындары аспанда пайда болған "шиыршық сақинаны" түсіріп алды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2025
  • 131
Аляска тұрғындары аспанда пайда болған "шиыршық сақинаны" түсіріп алды

Америкадағы Аляска штатының тұрғындары аспандағы айналмалы сақинаға таңғалып, оны камераға түсіріп алған. Нысан аспанда NASA-ның эксперименті кезінде пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рetapixel.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фотографтар шамамен 70 миль биіктікке және 15 миль енге жететін алып шиыршық сақинаны түсіріп үлгерді. Қарлы пейзажда ағаштардың көлеңкелері жасыл солтүстік шұғыласының аясында көрінеді. Аспанда жарқыраған спираль тәрізді өрнек пайда болған.

PetaPixel сайтының мәліметінше, NASA-ның бірнеше зымыраны Аляска аспанын көгілдір жарқылдармен, иірімдермен және айналмалы сақиналармен көмкерді. Зымырандар Покер-Флет ғарыш айлағынан ұшырылған.

Бұл ұшырылымдар AWESOME (ағылшынша Auroral Waves Excited by Substorm Onset Magnetic Events) атты ғылыми тәжірибенің бір бөлігі ғана. Эксперименттің мақсаты – магнит дауылдарының Жердің термосферасына (жоғарғы атмосфера қабаты) әсерін зерттеу.

AWESOME жобасынан алынған деректер Күн дауылдарының салдарын болжауға, спутниктер мен энергетикалық жүйелерді қорғауға көмектеспек.