Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен кез келген адам таныса алады.
Сондай-ақ, порталды пайдаланушылар өздерін қызықтыратын, онлайн тестілеу және сертификат алу мүмкіндігі бар оқу курстарын таба алады.
Әлеуметтанулық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Сауалнамадан өту мүмкіндігі де көзделген.
Оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзету және олардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.
Мұнда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеу нәтижелері және сыбайлас жемқорлықты жүйесі индексіндегі Қазақстанның позициясы қолжетімді.
Сонымен қатар, порталда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, лайықты мінез-құлықты тәрбиелеуге және қоғамда "заң мен тәртіп" идеологиясын қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер орналастырылған.
Бұл ресурста сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға да мүмкіндік бар.