Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш фототұзаққа түсіп қалды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2025
  • 199
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш фототұзаққа түсіп қалды

Үстірт мемлекеттік қорығында Орталық Азия барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ерекше оқиға болды: Орталық Азия барысы бесінші рет фототұзақ объективіне түсіп, жабайы табиғаттың қайталанбас сұлулығын көрсетті", - делінген хабарламада.

Бұл фототұзақ Орталық Азия барысты зерттеу мен қорғауға бағытталған халықаралық жоба аясында орнатылған болатын. 2024 жылдың 29 қазанынан 21 желтоқсанына дейін фототұзақтар барысты төрт рет тіркеген. Бүгін бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.