Үш айда 3 бала терезеден құлап, қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2025
  • 86
Үш айда 3 бала терезеден құлап, қайтыс болды

Көкшетауда бес жастағы бала терезеден құлап, қайтыс болды. Керекуде де 2 жастағы бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті. Қайғылы жағдай күн жылыса күрт артады. Үш айдың өзінде 3 бала жан тапсырды. Балаларды неге қараусыз қалдырады? Қауіпсіздікке кім жауапты? Тілшіміз тарқатады.

5 жасар бала Көкшетауда терезеден құлап, қайтыс болды. Ол алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Жазатайым оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Ал Павлодарда 2 жастағы бала бесінші қабаттан құлады. Абырой болғанда, аман қалды. Алайда, жағдайы ауыр болған. Ес түссіз жатқан бала бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

ҚУАТ АРҒЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл баланың жолы болды деп айтуға болады. Аман-есен қалды. Қол аяқтары сау. Ішкі органдары бәрі сау. Бас ми жарақаты бар. Ол өмір сүріп кетуіне әсер етпейді. Баланың дамуына кедергі болмайды деп ойлаймын.


НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Бір ғана терезе – жарықтың көзі. Бірақ сол жарық – баланың соңғы көрген сәті болмас үшін, көп ата-ана москит торын орнатып жатады. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай бұл жұмсақ, жұқа тор масадан қорғағанымен баланың салмағын көтере алмайды. Осындай жағдайда терезені ашық қалдырып, бүлдіршіннің болашағын жабуыңыз мүмкін.


Бұл дауыстарды естудің өзі қорқынышты, алайда  Астананың бір ғана қалалық балалар ауханасына түрлі жарақатпен күніне 900 бала жеткізіледі. Олар велосипедтен құлаған, көлік қаққан, ағаштан секірген. Ал биіктіктен құлаған балаларға қатысты статистика ақ халаттылардың жағасын ұстатып отыр.

ДИНАТ ҚОЖЕКЕНОВ, №2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жан түршігерлік жағдай болып жатыр, өйткені жылдан жылға терезеден құлау жайттары жоғарлап бара жатыр. Біз ана жылы 4 жылда 4 бала жоғалтсақ. А 2023-те вообще 1 жылда 1-ақ бала қайтыс болды, а бізде уже қазір 3 айда осы жылы 3 бала қайтыс болды.


Бала қауіпсіздігі тек қараусыз қалдырмаумен шектелмейді. Ең қарапайым, бірақ маңызды қадам — терезеге қорғаныш тор орнату», — дейді құтқарушылар. Алайда көптеген отбасылар мұны қажет деп есептемейді немесе кейінге қалдырады. Тек оқыс оқиға орын алғаннан соң барып, оның маңызын түсінеді.

ТАЛҒАТ АБЖАПАРОВ, ТЕРЕЗЕГЕ ҚОРҒАНЫС ОРНАТУШЫ:

Бала құлағаннан кейін де тапсырЫс бергендер бар. Бала аман. ол үйге барып сол күні орнаттық торларды. Мекенжайларда көбінесі, енді ата-аналар жан-жақтан естігеннен кейін, бір жерде бала құлады деп соны ести келе бізді орнатуға шақырады.


Мұндай жағдайлар қоғамның баланың өмірі мен қауіпсіздігіне деген көзқарасын қайта қарауға түрткі болуы тиіс. Себебі бір тордың құны — баланың өмірімен өлшенбейді.

РҮСТЕМ ЖҮСІПБЕКОВ, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Көктемгі жылудың басталуымен жазатайым оқиғалар қаупі артады. Елімізде балалардың терезеден құлауының 13 фактісі тіркелді, онда бір бала қайтыс тауып, ал 12-сі түрлі жарақат алды. Мұның басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз, қараусыз қалдыруы және олардың ашық терезелерге қол жеткізу мүмкіндігі.


НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Біз бәрі жақсы сияқты көрінген сәтте де, қауіп -  жанымызда тұруы мүмкін. Ал оны болдырмау үшін небәрі 10 секунд пен бір әрекет жеткілікті. Бұл - терезені жабу, құлыптау. Қарапайым іс. бірақ бұның салдары - балаңыздың тағдыры болуы мүмкін. Таңдау өзіңізде.