Русский Сайттың толық нұсқасы

Алакөлде туризм кластерін дамытуға 2 млрд теңге бөлінді

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2017
  • 3024

Алакөлде туризм кластерін дамытуға 2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

Выделены серьезные финансовые ресурсы, только на развитие туристического кластера в районе Алаколь выделено 2 млрд тг.

Бұл соманың 1.4 млрды жол салуға жұмсалады. Алматыдан пойыз арқылы Достық бекетіне дейін, одан әрі тас жолмен жүруге тура келеді. Биыл курортты аймақта 147 нысанның 87-сі жөндеуден өткен. Үкімет басшысының айтуынша, Алакөл бір маусымда 2 млн турист қабылауға қауқарлы. Инфрақұрылымды қолдауға қыруар қаржы құйылып жатыр, тиісінше кәсіпкерлер лайықты қызмет көрсетуі керек дейді,- премьер.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

"Бизнесмены, которые работают там, должны оказывать услуги на высшем уровне. Санитарные нормы, другие нормы должны четко придерживаться и соблюдаться".

Туризм және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы, 2025 жылы ІЖӨ-гі туризимнің үлесі 8%құрауы керек, дейді. Былтыр ішкі туризм 9,6 млн адам болса, сырттан 6,5 млн адам келген. Шеттен келгендердің 96 пайызы Қытай мен ТМД елдерінен.