Жеңістің 80 жылдығы және Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай Ақтөбеде жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Жылжымалы көрмеде іздестіру отрядтары майдан алаңдарынан тауып, мұражайға өткізген Ұлы Отан соғысы жылдарындағы құнды жәдігерлер қойылған. Сонымен қатар Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музей қорынан экспонанттар ұсынылды. Музей қызметкерлері Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы келгендерге ақпарат береді.
КАМИЛА ІДІРІСОВА, Н.БАЙҒАНИН АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Тарихтың бір парағы екінші дүниежүзілік соғыстағы біздің батыр қызымыздың ерлігін жас ұрпақтың бойна сіңіру , яғни жадында сақтап қалу. Негізі мына балалар Тәуелсіздігіміздің оңайлықпен келмегенін жалпы елдің бейбітшілігіне құрметпен қарауға үйрету мақсатында әртүрлі шаралар ұйымдастырамыз.