Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы жалғызбасты қариялардың қал-жағдайын сұрап, қол ұшын берді

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2017
  • 3205

Павлодарда жалғызбасты қарияларға қолдау көрсетілді. Жасы сексеннен асып кеткен Лидия Козловская бұл пәтерде ұлымен 1992 жылдан бері тұрады. Зейнетке шыққанына жиырма жылдан асқан. Көп жылдар бойы комсомол, партия органдарында еңбектенген. Біреуден нан сұрап, жағдайымды түзеп бер дегеннен аулақпын,-дейді ол. Алайда, отбасыда болған қайғылы оқиға қарияны күйзелткен.

90-шы жылдары бұзақылардың шабуылына тап болып, өзі де, ұлы да қатты жарақаттанады. Осы жайттан соң баласы мүгедек болып қалған. Ардагер оны емханаға тіркей алмай жүр. Айтуынша, қазіргі медициналық мекеме үйден алыс орналасқан. Барып-келу қиын. Бұл мәселелерді қарт әжей партиялықтарға айтты. Олар зейнеткер шаңырағына құр алақан келмеді. Азық-түлік себетін тарту етіп, "туындаған мәселелері болса, бірден кеңес алсын" деген ниетпен әлеуметтік қорғау бөлімінің маманын да ала келді.

Нәйлә Ахметова, «Нұр Отан» партиясының ПҚФ төрағасының бірінші орынбасары:

Поликлиникаға тіркелу және оның баласын қалалық №1 поликлиникаға тіркеу үшін өз күшімізді саламыз. Бір айдың ішінде осы мәселені шешеміз.